Қазақстандық десантшылар Гималайды
бағындырды. Үндістандағы оқу-жаттығуда Балжан Мұсатаева мен Маржан Сайранова биік
таудағы күрделі ахуалда шектеулі алаңға парашютпен секіріп дәл қону арқылы
жақсы нәтиже көрсетті. Олар теңіз деңгейінен 3200
метр биіктіктен секірді. Шара 30 қыркүйек пен 13 қазанға дейін өтеді.
Намысты додаға Құрлық әскерлерінен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы мен Қарулы
күштердің Десанттық-шабуылдау әскерлері әскери қызметшілерінің құрамынан
жасақталған рота қатысып жатыр.
Маржан Сайранова, 6199 Әскери
бөлімі материалдық-техникалық қамтамасыз ету взводының санитарлық нұсқаушысы:
– Мен өзімнің ең үлкен арманымды парашюттен секіруден осында келіп орындадым. Қазіргі таңда менде 600 метр мен 4 мың метр аралығында әр түрлі парашюттік жүйелерден 50-ден астам секірісім бар. Қазіргі таңда біз Үндістанда ҚазИнКо жаттығуларында өз еліміздің күшін, қуатын көрсетудеміз.
Автор - Әсел Күшенғалиева