Қазақстанда тұңғыш рет географиялық диктант өтті

Қазақстанда тұңғыш рет географиялық диктант өтті. Шара QazaqGeography бастамасымен ұйымдастырылды. Республикалық акция елдегі географиялық ұйымдар және 10 университетте бір уақытта өтті. Диктантқа кез-келген азамат қатыса алды. Жас шектеуі жоқ. Қатысушылар әрбір өңірдің көрнекі жерлері мен табиғатына және киелі мекендеріне қатысты түрлі сауалдарға жауап берді. Сондай-ақ сол аймақтан шыққан атақты қайраткерлердің тағылымды өмірі мен шығармашылық жолы жайында сұрақтар қойылды. Бұндағы басты мақсат – еліміздің географиясын ғана емес, төл тарихы мен бай мәдениетін де зерттеуге қызығушылықты арттыру. Сынақтан мүдірмегендер бағалы сыйлықтарға ие болды. Бекболат Төлегенұлы, Qazaq Georaphy қоғамдастығының жобалар бөлімінің жетекшісі: -Жаратылыстану ғылымымен қатар, өзінің мәдениеті мен тарихын ұштастыра білуі қажет. Екі қанаты бар құстай болуы керек деп түсінеміз, Яғни, гуманитарлық ғылым да, жаратылыстану ғылымы да. Осындай азаматтық қоғам құра алған мемлекет болашақта үлкен жетістіктерге жетеді деп есептейміз. Сондықтан осы географиялық диктанттың мақсаты – ғылымға деген қызығушылықты арттыру болып табылады.

Бекболат Төлегенұлы, Qazaq Georaphy қоғамдастығының жобалар бөлімінің жетекшісі: 

-Жаратылыстану ғылымымен қатар, өзінің мәдениеті мен тарихын ұштастыра білуі қажет. Екі қанаты бар құстай болуы керек деп түсінеміз, Яғни, гуманитарлық ғылым да, жаратылыстану ғылымы да. Осындай азаматтық қоғам құра алған мемлекет болашақта үлкен жетістіктерге жетеді деп есептейміз. Сондықтан осы географиялық диктанттың мақсаты – ғылымға деген қызығушылықты арттыру болып табылады.