Қазақстан Президенті FIS басшысын қабылдады

Қазақстан Президенті FIS басшысын қабылдады

Ақордада еліміздің Халықаралық шаңғы спорты федерациясымен тәжірибе алмасу, спортшыларды даярлау, бапкерлерді оқыту және төрелік ету бағыттарындағы ықпалдастық әлеуетін кеңейту мүмкіндіктері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев FIS президенті Йохан Элиашты қабылдады. Мемлекет басшысы Қазақстанда 85 мыңнан аса адам шаңғы спортымен тұрақты түрде шұғылданатынын атап өтті. Елде тау шаңғысы мен шаңғы жарысы кешендері, халықаралық деңгейдегі мұз ареналары секілді заманауи инфрақұрылымдар бар. Италияда өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындық жүргізілуде. FIS президенті қазақстандықтар әлемнің байрақты бәсекелерінде лайықты өнер көрсетіп жүргеніне назар аударды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде шаңғы және сноуборд спортының дамуына қосқан үлесі үшін Йохан Элиашты II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?