Қазақстанда студенттер жасанды интеллектіні белсенді меңгеруде

Қазақстанда студенттер жасанды интеллектіні белсенді меңгеруде

Жасанды инттелект ауыл шаруашылығындағы өнімділікті арттырып, су мен тыңайтқышты тұтынуды төмендетеді. Яғни, жер емген шаруалардың жұмысын оңтайландырады. AI SANA ұлттық бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттер заманауи дрондардың көмегімен егін алқаптарын бақылап, сандық шешімдерді іске асырды. Бағдарламаның алғашқы кезеңі аяқталып, 9 мыңнан астам сертификат табысталды. Студенттер мұнымен тоқтамақ емес. Олар нейрожелілерді қолданып, өз стартап жобаларын жасайды. Университетте барлық жағдай жасалған. Онда смарт-зертхана, жасанды интеллект пен дрондарды енгізу орталықтары жұмыс істеп тұр.

Зәуре Оразалина, ҚАЗҰАЗУ сандық офицері:

- Бұл стартаптар халықаралық деңгейге шыға алады. AI-Sana-ның бағдаралмасы осы мүмкіндіктерді ұсынады. Бұл - стартаптардың агроөнеркәсіптік кешен саласында халықаралық деңгейге шығуы. Табыс әкелуі. Біздің университет аталған кешен үшін ветеринария мамандарын, соның ішінде агробиологтарды даярлайды.

Бағдарламаға еліміздегі басқа да жоғары оқу орындары қатысуда. Атап айтқанда, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті мен Қорқыт Ата атындағы университет те сандық технологиялар саласының мамандарын даярлап жатыр. Жалпы ел бойынша 26 жоғары оқу орнының студенттері нейрожелілердің негіздерін меңгерді. Ал кең аудиторияға арналған базалық курстарды 650 мыңнан астам тыңдаушы сәтті аяқтады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?