Астанада ОАӨЭЫ министрлік конференциясы өтті

Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастығына мүше елдердің климаттың өзгеруі саласындағы іс-қимыл жоспарының бағдарламасы келесі аптада БҰҰ-ның Бакуде өтетін СОР-29 конференциясында ұсынылады. Бұл туралы Астанада аталған ынтымақтастықтың 23-ші министрлік конференциясы барысында белгілі болды. Биыл жиын өңірлік энергетикалық қауіпсіздік және климаттың өзгеруі мәселелеріне арналған.

Елордада ынтымақтастыққа мүше мемлекеттер мен даму бойынша серіктестері және Азия даму банкінің өкілдері бас қосты. Соңғылары Орталық Азия аймағында «жасыл жобаларды» дамыту қорын құру бойынша Корея және Қытаймен арнайы келісімге қол қойды. Бұл елдердің салымдары 5 млн долларды құрады. Қазақстан Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасына мүше ел ретінде осы қордың ақшасын аймақтық жобаларды дайындауға жұмсай алады.

Лязиза Сабырова, Азия даму банкі өңірлік серіктестік және интеграция жөніндегі басшысы:

– Бұл тек бастамасы ғана, біз бұны Seed money деп атаймыз. Яғни тұрақтылық, климаттың өзгеруі, жасыл экономика, декарбонизациялау бағытында өңірлік жобаларды дайындау үшін гранттық қаражат іздеп, көптеген донорлармен жұмыс істейтін боламыз. Азия даму банкінің мұндағы басты міндеті аталған қаржы институтының барлық мүшелері, елдер мен дамушы мемлекеттерге 2030-шы жылға дейін 100 млрд доллар көлемінде қаржыландыруға демеу көрсету.

Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?