Қазақстанда сот жүйесіне абсолютті сенім деңгейі артып келеді

Қазақстанда сот жүйесіне абсолютті сенім деңгейі артып келеді

Қазақстанда сот жүйесіне абсолютті сенім деңгейі 3 жылда 55% тен 63%-ке дейін өскен. Пррезидент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев осындай дерек келтірді.  Мемлекет басшысына сот төрелігін іске асырудың былтырғы қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды. Оның айтуынша, сот төрелігінің сапасы тұрақты түрде сақталған, сондай-ақ Әкімшілік әділет аясындағы жүйелі шаралардың нәтижесінде мемлекеттік органдармен арадағы даулар кезінде азаматтардың құқығын қорғау көрсеткіштері жақсарды. Кассациялық сотқа сұраныстың жоғары екені байқалды. Президент «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асырудың, азаматтарға әділ сот төрелігін қамтамасыз етудің, сондай-ақ заң үстемдігіне басымдық беріп, қоғамның сот жүйесіне сенімін арттырудың маңызын атап өтті. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?