Қазақстанда ұлттық жасанды интеллект платформасы іске қосылады

Қазақстанда ұлттық жасанды интеллект платформасы іске қосылады

Қазақстанда ұлттық жасанды интеллект платформасы іске қосылады. Мәжіліс «Жасанды интеллект туралы» заңды қабылдады. Жаңа жүйе АІ өнімдерін әзірлеудің бірыңғай инфрақұрылымын белгілейді. Саланы дамыту үшін үздік ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді қаржыландыру, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын жасау және халықаралық ынтымақтастық тұрғысынан мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Бұл Қазақстанның әлемдік жоғары технологиялық нарықта бәсекеге қабілетті болуына ықпал етеді. Жаңа заңда жасанды зейін этикасы бекітілді. Онда саладағы қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері нақты белгіленген. Жасанды интеллект жүйесінің иелері пайдалану шарттарын белгілеп, өз құқықтарын қорғай алады. Пайдаланушылар жеке деректерді қорғау, жүйе жұмысы туралы ақпарат алу және автоматтандырылған шешімдерге қарсы шығу мүмкіндігіне ие. Қазақстан әлемде мұндай заң қабылдаған алғашқы елдердің қатарында. Оны әзірлеу барысында цифрландыру саласындағы озық әлемдік тәжірибелер мен тәуекелдер барынша ескерілген.  

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы: 

- Мемлекет басшысы таяудағы өзінің Жолдауында алдымызға 3 жыл ішінде Қазақстанды жаппай цифрлық елге айналдыру жөніндегі ауқымды міндет қойды. Бұл прогрессивті идеяны Президентіміз бүгін әлемнің ең басты мінбері БҰҰ-ның төрінен де жариялады. Президент атап өткендей жаппай цифрландыру және жасанды интеллектіні кеңінен қолдану еліміздің бүгінгі күнде Ұлттық басымдығына айналды. Қабылданып отырған жасанды интеллект туралы заң осы бастаманы іске асыру жолындағы іргелі қадам деп айтуға болады. Ол еліміздің цифрлық дамуын жаңа деңгейге шығаруға жол ашатыны анық.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?