Қазақстанда пилоттық ауыл шаруашылығы санағы аяқталды. Іс-шараға 44 мың респондент қатысты. Олардың 32 мыңға жуығы – үй шаруашылықтары, ал 12 мыңнан астамы – шаруашылық жүргізуші субъектілер. Еліміздегі төрт түлікті түгендеу ісі онлайн және мамандардың үй шаруашылықтарын аралау арқылы жүргізілді.
Мұндағы негізгі мақсат – 2025 жылы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында өтетін негізгі ауыл шаруашылығы санағына дайындық. Бұл жолы алдағы кешенді науқанға қажетті деректерді жинау әдістері, санақ парақтары және бағдарламалар сыналды.