Қазақстан Үкіметі 2026 жылы 12 заң жобасын әзірлейді

Қазақстан Үкіметі 2026 жылы 12 заң жобасын әзірлейді

2026 жылы Үкімет заң шығару жұмысының экономика мен әлеуметтік салаға қатысты негізгі бағыттарына баса мән береді. Премьер-министр мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына әрбір заң жобасының сапалы әзірленуін және олардың Мәжіліске уақтылы енгізілуін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Мемлекеттік органдардың арасында ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету, басы артық бюрократиядан арылып, жедел жұмыс істеу керек. Әділет министрлігі Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің және Үкіметтің заңнамалық тапсырмаларына жыл бойы мониторинг жүргізіп отыруға тиіс.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Мемлекеттің экономикаға қатысу шегін нақты айқындап, басқару ісіне қатысты құқықтық талаптарды бекітіп алу қажет. Біз жұмыскерлердің құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін нығайту үшін нормативтік базаны жетілдіру бағытында белсенді жұмысты жалғастырамыз. Сондай-ақ, мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытудың жүйелі әрі кешенді тәсілін қамтамасыз ететін заңнамалық бастамалар бар. Келесі жылы барлығы 12 заң жобасын әзірлеу көзделген.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?