Қазақстан Президенті орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, Үкімет 1 шілдеге дейін 2026 – 2029 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын бекітуі тиіс. Онда дербес оқыту тетігін, цифрлық инфрақұрылымды, педагог кадрлар даярлауды, білім алушылардың дербес деректерін қорғауды көздейтін нақты іс-шаралар қамтылады. 1 тамызға дейін пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде тұрақты, жылдамдығы жоғары интернеттің болуын қоса алғанда, мектептердің техникалық жарақтандырылуын қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ қалалық және ауылдық мектептер арасында білім беру сапасындағы алшақтықты қысқарту мақсатында жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің мүшесі Ли Кай-Фудің ұсынымдарын іс жүзінде қолданып, орта білім беру саласындағы пилоттық жобаны іске асыру көзделіп отыр. Осылайша, биыл 1 қыркүйекке дейін еліміздің орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолдану стандарттары бекітілмек.
Ли Кай Фу, Sinovation Ventures және 01.AI бас директоры:
- Мен елдің білім беру саласындағы – жоғары білім мен
мектептердегі күш-жігерін атап өттім. Іске асырылуы ықтимал тағы бірнеше
бастама ұсындым. Егер оларды қолданысқа енгізу мүмкін болса, жұмыс жүргізу үшін
өзім арнайы келемін.

