Қазақстанда «Келешек» білім беру жүйесі арқылы балалардың оқуына алдын ала қаржы жинақтау ұсынылуда. Жылдар бойы салынған қаражат болашақта олардың орта кәсіптік немесе жоғары оқу орындарында білім алуы үшін кәдеге жаратылмақ. Жиналған бар соманы тек қазақстандық қана емес, шетелдік оқу орындарына түсу үшін де жұмсау мүмкіндігі бар. Егер талапкер грант иегері атанса, онда жинақты пайдаланудың бірнеше нұсқасы ұсынылады. Бұл ақшаға баспана сатып алуға, басқа да оқу түрлерін меңгеруге, тіпті үшінші тұлғаға аудару жаға да қарастырылған. Мәжілісте кейбір заңнамалық актілерге ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларындағы нормалардың заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Салалық ведомства осы қатардағы «Келешек» бағдарламасының мән маңызына жіті тоқталды.
Талғат Ешенқұлов, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі:
- «Келешек» жүйесі тек жоғары ғана емес, кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алудың қолжетімділігін қамтамасыз етудің қосымша құралы болмақ. Бала 5 жасқа толған кезде, жылына жинақтау есепшотына барлық санаттағы балалар үшін 60 АЕК, ал ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 120 АЕК мөлшерінде алғашқы жарна қаражаты автоматты түрде түседі. Мемлекеттік сыйақы 5-7% құрайды.
Ермұқанов Жеңіс