Абай облысында
кәсіптік бағдар беруге арналған жазғы лагерьлер өз жұмысын бастады. Жоба
өңірдегі 10 колледждің базасында ұйымдастырылған. Оның аясында 600-ге жуық
оқушыны қамту көзделіп отыр. Бағдарлама аясында балалар экология, IT,
шығармашылық, ауыл шаруашылығы, экономика, техника және өндіріс салалары
бойынша білім алады.
Адина Беріккелді,
Оқушы:
- Маған осы лагерь
туралы достарым айтқан еді. Мен осы лагерге дүйсенбіден бастап барып жүрмін. Бірнеше
дос тауып, уақытты көңілді өткізіп жүрміз. әр түрлі ойын ойнадық. Эстафета
өткіздік. Кеше біз тігін машинасымен жұмыс жасаған едік. Бүгін біз коктейль мен
пицца жасадық. Ол маған өте қызықты болды.
Шолпан Атантаева,
Лагерь жетекшісі:
- Балалардың лагерге
деген қызығушылығы өте жоғары. Күнделікті жаңадан бір эмоция алуға келіп
жатады. Және жақсы көңіл күймен қайтып жатады. Сонымен қатар, ата-аналары да
өте риза. Күнделікті бізге хабарласып тағы да келесі маусым болып жатады ма
келесі жылы деп сұрап жатыр. Өйткені бала күнделікті телефоннан отырғаннан гөрі
мына жақтан жаңадан достар тауып жатыр.

