Қазақстанда өрт қаупі маусымына дайындық күшейді

Қазақстанда өрт қаупі маусымына дайындық күшейді

Қазақстанда су тасқыны бойынша жағдай тұрақты. Көктемнің қауырт кезеңі мамандардың толық бақылауында. Күн сайын мониторинг жүргізіліп, барлық іс-шаралар үйлестіріледі. Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрлігі бірқатар өңірде топан су қайтқанын мәлімдеді. Қазақстанның оңтүстігі мен батысында қауіп толық сейілген. Ақмола аймағы да тасқынның белсенді кезеңін еңсерді. Облыс өзендеріндегі су деңгейі төмендеді. Ендігі кезекте отандық мамандардың өртке қарсы маусымға дайындығы қыза түсті. Елімізде тілсіз жаудың алдын алу үшін ғарыштық деректер мен сандық технологиялар жаппай ендіріліп жатыр. Қазір орман мен дала алқаптарында өртті ерте анықтайтын жүйе сыналуда. Ол үшін бейнекамералар орнатылады. Жүйе өрт шыққан жағдайда бірден Жедел басқару орталығы мен Төтенше жағдайлар министрлігіне белгі береді. Бұған қоса табиғи апаттың алдын алу үшін өрттің қауіптілік класы мен индексін дәл анықтай алатын арнайы карта әзірленеді. Бұл заманауи тәсіл метеостансалар мен Жерді қашықтан зондтау спутниктік деректерін біріктіреді.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:

- Экология министрлігі әкімдіктер мен Цифрландыру министрлігімен және «Қазақтелеком» компаниясымен бірлесіп, өртті ерте анықтау және өршу жағдайын, сондай-ақ оны сөндіру алгоритмдерімен моделдеу жүйелерінің қамту ауқымын ұлғайту керек. Тиісті жоспар-кестесін әзірлеуді, оны Үкіметте бекітіп, орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Әкімдіктер елді мекендерде өрт сөндіру бекеттері мен ерікті өртке қарсы құрылымдарды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастырсын.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?