Қазақстан мен Марокко ынтымақтастығын кеңейтуде

Қазақстан мен Марокко ынтымақтастығын кеңейтуде

Мәжіліс төрағасы бастаған қазақстандық делегация Мароккоға сапармен барды. Ерлан Қошанов Парламенттің қос палатасының төрағалары Рашид Талби Әл-Аламимен және Мұхаммед Ульд Ар-Рашидпен, сондай-ақ Үкімет басшысы Азиз Аханнушпен ытымақтастық пен парламентаралық байланысты кеңейту мәселелерін талқылады. Мәжіліс спикері мароккандық әріптестерін заңнамалық бағытта тәжірибе алмасуға шақырып, еліміздегі саяси реформалар жөнінде құлағдар етті. Сонымен қатар, тараптар өзара сауданы арттыру, Орта дәлізді дамыту, жасанды интеллектті енгізу, ауыл шаруашылығы, логистика, білім беру мен туризм бағыттарында әріптестік аясын кеңейтуге ниеттерін танытты. Алыс-беріс, барыс-келісті одан әрі дамыту үшін өзара тікелей рейстер ашу мәселесі қарастырылып жатыр. Биыл екі ел азаматтары үшін визасыз режим күшіне енді. Кездесу аясында жоғары деңгейдегі сапарлар Қазақстан мен Марокко арасындағы сенімді нығайтып, бірлескен жобалар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатыны атап өтілді.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы

- Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Мароккомен жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән береді. Екі жақты ынтымақтастықтың, қос ел парламенттерінің рөлі мен маңызы ерекше. Біз осы бағыттағы жұмысты жандандыруға мүдделіміз. Марокко тарапынан да осындай ниет бар екенін біз білеміз. Біз халықтың өкілі ретінде екі елдің тығыз араласуына, жақындасуына үлес қосуға дайынбыз. Әсіресе, елдеріміздің парламенттерінің арасындағы құрылған достық топтарының да жұмыстарының орны ерекше.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?