Қазақстанда өңделген өнім экспорты ұлғайып келеді

Қазақстанда өңделген өнім экспорты ұлғайып келеді

Қазақстанда биыл өңделген өнім экспорты 6 жарым процентке жуық өскен. Ал бұл бағыттағы импорттың көлемі керісінше 7% астам төмендеген. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Премьер-министр мәлім етті. Олжас Бектенов бүгінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 47%, шикізат секторына 45% тиесілі екенін айтты. Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында тек өзімізден сатып алынатын өнімдердің тізбесі 1,5 мыңнан 4,5 мыңға дейін жеткізлді.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:

- Осы іс-шаралардың нәтижесінде биылдың өзінде қазақстандық тауар өндірушілермен жасалған келісімшарттардың саны 55% өсті. Яғни,  осы келісімшарттардың жалпы құны 350 млрд теңгеге дейін жетті. Биыл осы оф-тейк келісімшарттардың жалпы сомасы 134 млрд теңгеге дейін жетті.  Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 14 есеге көп.

Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құрылады

Сонымен қатар сенатта орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құрылатыны белгілі болды. Парламент тисті құжаттты қабылдады. Шарт Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттері арасында жасалды. Халықаралық құқық субъектісі бар үкіметаралық ұйым аталған елдердің өзара мәдени-гуманитарлық, тарих, ғылым мен технологиялар саласындағы үлкен ақпарат ауқымына қол жеткізуге бағытталған.  

Жеңіс Ермұқанов.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?