«Астана Балет» алматылықтар мен қала қонақтарына бірегей бағдарлама ұсынды.
Театр оңтүстік шаһарға жасаған дәстүрлі гастрольдік сапарының шымылдығын
дүниежүзілік опера жұлдызы Мария Мудряк пен симфониялық оркестрдің концертімен
ашты. Дирижері - Джузеппе Аквавива, ал солисті – Дамир Садуақасов. «Almaty
Theatre» сахнасында елордалық өнер ошағының бас балетмейстері - Мукарам Авахридің авторлық
спектакльдері көрсетіледі. Хореография өнерін сүйер қауым «Саломея» және сегіз вариациядан құралған «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл»
спектаклдерін тамашалай алады. Сонымен қатар сапар аясында HasSak
этно-фольклорлық тобының қатысуымен Ethno Fashion Ballet ұйымдастырылады. Бұл –
ұлттық киім үлгілері, оның тарихы, дамуы мен әр өрнектің мағынасын ашуға
арналған перформанс. Салт-дәстүрлеріміз бен қазақ мәдениетіндегі маңызды
бейнелер паш етіледі. Сондай-ақ, бағдарламаға
Сергей
Прокофьевтің музыкасына Владимир Яковлев қойған әйгілі «Ромео мен Джульетта»
спектаклі енген. Гастроль шымылдығы 16-сәуірде дарынды әртістердің орындауында «Melodic
show» концертімен жабылады. Бағдарлама
барысында көпшілікке танымал шығармалар, өзіндік аранжировкадағы джаз және
заманауи хиттер орындалады.