Құрылтай депутаттарын сайлау науқанына дайындық басталды

Құрылтай депутаттарын сайлау науқанына дайындық басталды

Қазақстанда 23 тамызда Құрылтай депуттаттарының сайлауы өттеді. Орталық сайлау комиссиясы осыған қатысты алғашқы отырысын өтікізді. Онда жаңа саяси науқанның негізгі күндері, сайлаушылар мен учаскелер саны бойынша деректер бекітілді. Құрылтай сайлауына тек партиялық тізіммен қатысуға болады. Оларды тіркеу 23 шілде күні сағат 18:00 аяқталады. Дәл осы күннен бастап саяси бәйгеге түсетін ұйымдар үгіт-насихат жұмыстарына кіріседі. Сайлау алдында әдеттегідей тыныштық күні. Жалпы Құрылтай сайлауына 12 млн 600 мыңға жуық адам қатыса алады. 23 тамыз күні 10 мың 427 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Оның 82-і әлемнің 64 елінде ашылмақ. Сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге аумақтық және учаскелік комиссиялардың 70 мыңнан астам мүшесі тартылды. Орталық сайлау комиссиясы әкімдіктер 2-ші тамызға дейін сайлаушылар тізімін учаскелік комиссияларға беруі тиіс екенін еске салып, қазақстандықтарды тұрақты жері бойынша тіркелген мәліметтерді тексеруге және дауыс беруге шақырды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?