Қ.Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қ.Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы бұл мерекенің еліміз үшін мән-маңызы айрықша екенін атап өтті. Осы күні халқымыз Қазақстанды егемен ел ретінде дамыту жолында ерікті әрі түпкілікті таңдау жасады. Өз сөзінде Президент: «Тәуелсіздік бәрінен қымбат! Біз бабалар рухына тағзым етіп, өскелең ұрпақ алдындағы тарихи жауапкершілікті сезіне отырып, осы ұстанымға адал боламыз» деді. Ол азаматтарымыздың ынтымағы, жасампаз еңбегі, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің арқасында ел егемендігін нығайту ісінде елеулі жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті. Оның сөзінше, тың мүмкіндіктерге толы жаңа тарихи дәуір басталды. Еліміздің жаһандық деңгейдегі беделі мен бәсекеге қабілетін арттырып, көркейген мемлекет ретінде дамыту үшін аянбай еңбек етуіміз қажет. Президент жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар, жан-жақты жаңғыруға бағытталған стратегиялық бағдарымыз Әділетті, Күшті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құруға септесетініне сенім білдірді. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?