Қазақстан
БҰҰ есірткі заттары
жөніндегі комиссиясының құрамына кірді. Нью-Йоркте аталған
ұйымның экономикалық және әлеуметтік кеңесі отырысында жаңа мүше елдерді сайлау
рәсімі өтті. Нәтжесінде Қазақстан көп дауысқа ие болды. Бұл – халықаралық
қауымдастықтың елдің есірткінің заңсыз айналымымен белсенді күресін мойындауы.
Қазір республикамыз бұл бағытта кешенді іс шараны жүзеге асырып жатыр. Ол есіркінің
алдын алу, азаматтарды оңалту, шекара аймағындағы бақылау мен құқықтық тәртіпті
күшейтуді қамтиды. Айта кетейік, Қазақстан комиссия құрамында Азия-Тынық мұхиты
аймақтық тобының мүддесін 2029 жылға дейін қорғайтын болады.
Қайрат
Аман, ҚР СІМ халықаралық қауіпсіздік департаменті
директорының орынбасары:
- «Есірткі заттары жөніндегі комиссия шеңберінде Қазақстан БҰҰ-ның тиісті
резолюцияларын әзірлеу мен оған дауыс беруге қатысады. Есірткінің алдын алу,
оған сұранысты төмендету, адам денсаулығы мен құқығын қорғау бойынша жобаларға
бастамашылық жасайды. Ұлттық және аймақтық басымдықтарды ілгерілетеді. Ең
маңыздысы - аталған комиссияның құрамында Қазақстан ғаламдық есірткіге қарсы
шешімдерді қабылдау кезінде шет қалмайды.

