Қазақстанда жасанды интеллект элементтері бар цифрлық шешімдерді білім беру жүйесіне тәжірибелік тұрғыда енгізу сынақтан өткізілуде. Қазір мектептерде «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндерінің мазмұнына жасанды интеллект тақырыптарын енгізу жұмыстары басталды. Бастауыш сыныптарда түсіндіру ойын және көрнекілік әдістері арқылы жүргізілсе, жоғары сыныптарда оқушылар чат-боттар құру, деректерді талдау және этикалық жағдайларды шешу сияқты жобалық тапсырмаларды орындайды. Мұндай тәсіл сыни ойлауды, цифрлық сауаттылықты және технологияларға саналы көзқарасты дамытуға бағытталған. Ақылды жүйелер ұстаздарға да сабақ дайындау, тест тексеру және шәкірттердің үлгерімін талдауда таптырмас көмекші. Бүгінде 200 мыңнан астам қазақстандық мұғалім жасанды интеллектіні білім беру процесінде тиімді пайдалану бойынша курстан өтті.
Рамазан Орал, оқушы
- Мен алдымен чат GPT-ге тапсырма беремін. Маған осы тапсырманың шешілу
жолымен қатар түсіндірмесін бер деймін. Одан бөлек, тағы да тапсырма бер деп
тапсырам және ол тапсырманың жауабын өзім бергеннен кейін ол дұрысын анықтап
береді. Осыдан кейін бұл тапсырманы түсінгенімді, түсінбегенімді анықтай
аламын.

