Ұлыбританияда өткен 65-ші Халықаралық математика олимпиадасында Қазақстан құрама командасының қоржыны тағы бес медальмен толықты. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Әлемдік топ-7 олимпиадаларының бірі саналатын білім бәйгесі бұл жолы он күнге жалғасқан. Оған 108 елден 600-ден астам оқушы қатысты.
Айта кетейік, IMO олимпиадасына қазақстандық білімді өрендер жылда қатысып, жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Мәселен, былтыр ел қоржынын 6 медальмен майлаған. Ал жалпы бүгінге дейін 16 алтын, 44 күміс және 75 қола медаль жеңіп алған.
Қазақстан құрамасы:
Шарел Маргулан – ІІ орын
Амирлан Аманжолов – ІІ орын
Мирон Юркевич – ІІ орын
Жан Даутов – ІІІ орын
Владимир Роговский – ІІІ орын
Динмухамед Егеубаев – алғыс хат