Қазақстанда оқушыларға кәсіби бағдар беретін экскурсиялар ұйымдастырылуда. Сарапшылардың
пікірінше, бұндай саяхат өскелең ұрпаққа болашақ мамандығын таңдаудан
қателеспеуге септеседі. Шәкірттер дәнекерлеуші, наубайшы, инженер сынды нарықта
сұранысқа ие мамандықтардың қыр-сырымен таныса алады. Мәселен, Қостанайда
балалар көлік құрастыру зауытына барды. Оларға өндіріс үрдісі толық көрсетілді.
Кәсіпорында ендіріліп жатқан озық технологияларды өз көздерімен тамашалаған оқушылар
танымдық шарадан ерекше әсер алғандарын айтады.
Ерасыл Әлтайыр, Оқушысы:
- Қазір ішінде компьютері бар көліктер жасалып жатыр. Оларды бағдарламалық
қамтамасыз ету қажет. Мен болашақта осында жұмыс істеп, компьютерлік
бағдарламаларды орнатумен айналысқым келеді. Маған көліктің ішкі құрылымы, оның
қалай жұмыс істейтіні өте қызық. Өйткені мен де өсемін, маған да көлік керек
болады. Сондықтан бұл саланы жақсы түсінуім керек.

