Астанада GenAI Day конференциясы өтті

Астанада GenAI Day конференциясы өтті

Қазақстан - AI технологияларын енгізу бойынша Орталық Азия мемлекеттері көшбасшыларының бірі. Елімізде мұндай жобалардың дені, GovTech, FinTech және Smart City салаларында шоғырланған. Оларды өзге де бағыттарға таратып бейімдеу қажет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның өз алдына Еуразия кеңістігінде ірі цифрлық хабтардың біріне айналу міндетін қойып отыр. Астанада өткен GenAI Day конференциясында диджитал трансформация мен нейрожүйені пайдалану тетіктері пысықталды. Іс шара аясында бұлтты технологиялар және машиналық оқыту саласындағы алдыңғы қатарлы әлемдік компаниялар мен сарапшылар бас қосты. Қазақстан, Польша, Германия мамандары мемлекеттік және жеке секторда жасанды интеллектіні енгізу бойынша тәжірибелерімен бөлісті.  

Нұрбек Садықов, GenAI Day ұйымдастырушысы:  

- Қандай мәселелерді жасанды интеллект көмегімен шешуге болады? Мысалы – құжаттарды  өңдеу. Кейбір мәліметтер қолмен жазылған құжат болады. Сол мәліметтерді цифрландыру қажет. Не істеу керек? Дәл осы мәселені шешуде ML, яғни машиналық оқыту технологиясы көмекке келеді. Немесе чат-бот арқылы қызмет көрсету үшін генеративті жасанды интеллектіні пайдалануға мүмкіндік бар.  

Алексей Никоноров, ҚР Бірінші кредиттік бюросының блок жетекшісі: 

- Жасанды интеллект негізінде ең бірінші қолға алып жатқан жұмысымыз - биометрия. Екінші – жасанды интеллект-скорингті әзірлеу. Бұл ретте кредиттік скорингке басымдық беріледі. Жасанды интеллектінің мүмкіндіктері шексіз. Оны пайдалана отырып, жұмысты анағұрлым жеңілдетуге болады. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?