5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары
қарсаңында Қазақстан астанасында ерекше қойылым ұйымдастырылды. 30-ға жуық салт
атты елорданың көрнекті жерлерін аралап шықты. Алдымен қатысушылар «Барыс
Арена» мұз сарайының маңындағы аумаққа жиналып, Бұхар жырау, Түркістан,
Орынбор, Ақмешіт, Достық көшелерімен және Қабанбай батыр даңғылымен жүріп өтті. Еске сала кетейік, Қазақстанда Дүниежүзілік
көшпенділер ойыны 8-13 қыркүйекте өтеді. Іс-шараға әлемнің 89 елінен 2000-ға
жуық ойыншы қатысады деп күтілуде.