Қазақстанда Neo Nomad визасы енгізіледі

Қазақстанда визаның жаңа түрі іске қосылды. «Neo Nomad» визасы саяхаттап, қашықтан жұмысістейтін шетелдік туристерге арналған. «Заманауикөшпенділер» құжатын алу үшін шетелдік азаматҚазақстаннан тыс жерде тұрақты кірісінің бар екенін дәлелдеуі керек, оның мөлшері айына кемінде 3 000 долларды құрауы тиіс. Сонымен қатар негізгі кіріс талаптарынан басқа, шетелдік өтініш берушіге медициналық сақтандыру және соттылығының жоқтығы туралы анықтама талап етіледі. «Kazakh Tourism» атап өткендей, виза енгізілген жағдайда жылына 500 адам оны алса, экономикалық тиімділік шамамен 3,5 млрд теңгеден асады. Бастама Қасым-Жомарт Тоқаевтыңтапсырмасымен қолға алынды. 

 

Даниел Сержанұлы, «KAZAKH TOURISM» ҰК басқарма төрағасының орынбасары: Бұл өте маңыздыбастама. Бүгінде оны әлемнің түкпір-түкпірінен50 ел енгізді. Қазіргі таңда 35 млн адамды«заманауи көшпенділер» деп атауға болады. Құжат иеленушілері өздерінің қаржылықмүмкіндіктерін, тұрақты табысы 3 мың доллардан асатынын дәлелдесе, біздің елде біржылға дейін болуына мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар оның өзге елде тұрақты жұмыс орны болуы да шарт. 

 

Бұдан басқа, Қазақстанда Digital Nomad Visa іскеқосылды. Ол «қашықтан» жұмыс істегісі келетінхалықаралық IT-мамандарға арналады. Бағдарламаның басымдықтары визаны ресімдеудіңжеңілдетілген рәсімдерінде, 5G және спутниктікбайланысқа қолжетімділік, бизнесті жүргізудіжеңілдету және инновациялық жобаларға қатысуүшін мемлекеттік қолдау мен жергіліктімәдениетпен интеграцияның болуында. Digital Nomad Visa-ның іске қосылуы – еліміздің цифрлықкөшпенділер үшін халықаралық орталыққаайналуына жасалған маңызды қадам.

 

Әсел Күшенғалиева