B2B
кездесулер, іскерлік байланыстар мен
бекітілген келісім-шарттар. Астанада өткен дәстүрлі Қытай тауарлары көрмесінде отандық кәсіпкерлер мен аспан
асты елінің өндірушілері өзара сауда байланысын нығайту мүмкіндігіне ие болды. Шараға
Қытайдың жетекші провинцияларынан 300-ге жуық бизнес өкілі жиналды. Айта кетейік, Қытай – еліміздің ең ірі сауда
және стратегиялық серіктестерінің бірі. Екі ел арасындағы тауар айналымының қарқыны жоғары. Статистикаға сүйенсек, 2023
жылы оның ауқымы үштен
бірге артып, 31
миллиард долларды құраған.
Чжан
Сяо, Қытай
халық республикасының Қазақстан
республикасындағы елшісі:
- Мен
бұл көрме біздің елдеріміздің арасындағы сауда мен экономикалық
қарым-қатынастарды нығайтуға және ары қарай дамуға зор серпін беретініне
сенімдімін. Сондай-ақ, алдағы
жылдары екі елдің тауар айналымын екі есеге арттыру туралы мемлекет басшылары
қойған міндеттемені
орындауға үлесі зор.
Сауда
қатынастарының күшеюіне көлік-логистикалық байланыстарды дамыту, сонымен қатар
E-commerce-те әсер етеді. Қазақстанның ұлттық павильоны JD.com және Alibaba ірі
қытай сауда саттық алаңдарында да ашылды. Қазір отандық өндірушілердің Аспан
асты еліндегі тағы бір танымал платформаға шығуы үшін белсенді жұмыстар
атқарылуда. Естеріңізге сала кетсек, біздің еліміз қолайлы географиялық
орналасуының арқасында, электрондық сауда үшін негізгі транзиттік хаб атануға
ұмтылуда.
Әсел
Егембердиева, «QazTrade» сауда саясатын дамыту
орталығы бас директорының орынбасары:
- Бүгінде Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданы, Сычуань
және Цзянсу провинцияларымен ынтымақтастық белсенді жүріп жатыр. Соңғысында осы
жылдың қыркүйегінде «Орталық Азия-Қазақстан» халықаралық орталығы ашылады, онда
Қазақстанда жасалған тауарлар ұсынылады.