Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Қазақстанда негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. 14 өңірде ол 5 шілдеге дейін жалғасады. Ал су тасқыны болған 6 аймақта сынақ шегеріліп, 25 мамыр мен 12 шілде аралығында өткізіледі. Былтырғыға қарағанда, тест тапсырушылар саны 20 мыңға артқан. Жалпы биыл білімін растауға  181 мыңға тарта талапкер ниет білдірген. Олардың 75%-ы емтиханды қазақ, ал  25%-ке жуығы орыс тілінде тапсыруды ұйғарған. Тек  221 адам ағылшын тілін таңдады. Осы жылы да бес мүмкіндіктің екі негізгісі гранттар байқауына қатысу үшін есепке алынады. Әдеттегідей, 5 пәннен 120 сұраққа электронды форматта жауап беру керек. Бұл түлектерге тестілеу нәтижесін бірден алуға мүмкіндік береді. Осы ретте айта кетерлік жайт, биыл сынақтың ашықтығы мен қауіпсіздігін қадағалау жүйесі жетілдірілген.      

Болатбек Абдрасилов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры:

-Қазір енді көптеген заманауи технологиялар бар. Биыл біз осы бақылауға мониторингке негізделген бағдарламаны қосайық деп отырмыз. Ол арқылы тест өткізген кезде бақылаудың тағы бір жақсы тәсілін тауып отырмыз. Тест өтіп жатқан инфрақұрылымға мониторинг жасап отыратын, оның қауіпсіздігін көріп отыратын, қандай ахуалдар болатынын алдын алатын арнайы бағдарламаларды қазір біз  қосып отырмыз.