Астанада Өңірлік экологиялық саммит өз жұмысын бастады. Елордаға осы халықаралық шараға қатысу үшін Орталық Азия
елдері мен бірқатар мемлекеттің басшылары келді. Шараға қатысушылар орнықты
даму, климаттың өзгеруі, «жасыл» экономикаға көшу, сондай-ақ ынтымақтастықты
кеңейту сияқты негізгі өңірлік және жаһандық экологиялық сын-қатерлерді
талқылайды. Осы орайда, Өңірлік экологиялық саммитті өткізу бастамасын
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясында ұсынғанын
айта кеткен жөн. Саммит аталған халықаралық құрылыммен серіктестікте ұйымдастырылды.

