Қазақстанда 30 мың мемлекеттік қызметші жасанды интеллект негізін меңгереді

Қазақстанда 30 мың мемлекеттік қызметші жасанды интеллект негізін меңгереді

Қазақстанда жыл соңына дейін 30 мың мемлекеттік қызметші жасанды интеллект негіздеріне оқытылады. Орталық Азиядағы алғашқы курсты салалық министрлік пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі дайындаған. Бағдарламаға қатысушылар ChatGPT, Claude, Gemini, Mistral сынды жетекші платформалардың мүмкіндігін меңгеріп жатыр. Жаңа жүйе арқылы мамандар күнделікті міндеттерін жеңілдетіп, тапсырмаларды автоматты түрде атқара алады.

Альмира Байғазина, ҚР ЦДИАӨМ жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің сарапшысы:

- Жалпы курс 6 модуль, 32 видеодан тұрады. Оны онлайн және офлайн форматта оқуға болады. Оны Астана хаб платформасында көруге болады. Биыл мамырда курс басталды. Қазір 11 382 қызметкер курсты оқып, сертификат алды.

Бұндай сертификатқа ие болғандардың бірі Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің басқарма бастығы Арман Қалышев. Қазір маман сандық жаңашылдықтарды өз жұмысымен сабақтастырып жүр.

Арман Қалышев, ҚР Қорғаныс министрлігі тәрбие және идеологиялық жұмыс дептартаментінің басқарма бастығы:

- Армия kz деген жаңа жасанды интеллект агенті енгізіліп жатыр. Қазір ол тестілеу уақытында. Біздің қорғаныс ведомствосында көп заттар жабық болып келгенімен, өзіміздің жұмыста, мысалы психологиялық, тәрбие жұмысындағы көп ақпарат жабық емес. Кеңінен таралған ақпаратты өңдеуге, оларды қорытынды жасауға, кейде бір цифрлық ақпарат бойынша сараптама жасауға кеңінен көмектеседі. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?