Астанада ұлттық нақыштағы эко шырша орнатылды

Астанада ұлттық нақыштағы эко шырша орнатылды

Астанада ерекше шырша пайда болды. Жаңа жыл нышаны елорда төріндегі Бәйтерек монументінің маңынан орын тепті. Ұлттық нақышта өрнектелген жасыл желек құрақ  көрпе түрінде жасалған. Бірегей шыршаны сәндеуге 50 астам шебер атсалысқан. Олар эко нысанды безендіру үшін 100 астам мереке нышаны мен сыйқырлы кейіпкерлерді тоқыған. Ұйымдастырушылар шырша елорданың көркін аша түсетін арт-нысан ғана емес, сонымен қатар қазақ дәстүрін сақтауға негізделген креативті индустрияны дамытудың жарқын үлгісіне айналатынын айтады.

Рахима Мұқышева, Жобаны ұйымдастырушы:

- Біз қолөнер мен шығармашылықтың адамдарға қуаныш, жақсы көңіл-күй, күлкі мен жан жылуын әкелетінін көрсеткіміз келді. Бұл жоба ұрпақты біріктіреді. Біз 3 емес, 4 буындағы ұрпақты біріктірдік. Өйткені әжелер мен шөберелер қатар қатысты. Және біз бұл жобада адамдардың бәрі тең екенін, жақсылық жасау бәрінің қолынан келетінін көрсетуді көздедік. Құрақ көрпе стиліндегі осындай шыршаны біз 5 жыл бойы құрып келеміз, қазір мұны бізден бүкіл әлемде қайталап жасап жатқанымен мақтанғым келеді. Мінекей, біздің биылғы жаңалығымыз ойыншық жасау, мен келесі жылдары тағы да Қазақстаннан осы әдемілікті қайталанатынына сенімдімін.

Әсем Зейнолла, Жобаға қатысушы:

- Менің онда аюым, қояндарым бар. Мен жалпы, балаларды қуанту үшін, олардың ойыны көңілді болуы үшін, ойыншықтар сүйкімді болу үшін тоқыдым. Тек әжелер ғана тоқымайды. Тоқу - бұл хобби, ол ойға жеңілдік береді. Шын ықыласпен тоқысаң, жанға жылу береді. Бұл әрі естелік те болады. Әрі айналаңа жақсылық жасайсың.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?