Ақтөбе өңірлік университетінде Ата заңның
жаңашыл тұстарына арналған жастар форумы өтті. Жоғары
оқу орнының студенттері ашық пікір алмасып, өз көзқарастарын білдірді, әрі
қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Спикерлердің айтуынша, негізгі заңды
жаңарту – заман талабына сай стратегиялық қадам. Бұл өзгеріс цифрлық
технологияларды дамытуды да көздейді. Сондай-ақ, азаматтардың құқығын қорғау,
буллингтің алдын алу, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың
қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуын кеңейту мәселелеріне айрықша мән
берілді.
Нарқозы Қартжан, Ақтөбе өңірлік
университетінің проректоры:
- Қабылданып жатқан жаңа ата-заңды
түсіндіру, оның мемлекеттілікті нығайтатынын барынша дәріптеу. Соның ішінде
мына жастардың арасында, студенттердің арасында, сонымен қатар осы келген
спикерлеріміз, белгілі бір деңгейде өз саласында жетістікке жеткен, республика
деңгейіндегі спикерлерді де шақырған болатынбыз. Өзінің
осы құндылықтарды дәріптеу арқылы, өзінің тәжірибесімен, өмірлік тәжірибесімен
бөліседі деген сияқты.
Жалпыұлттық коалиция мүшелері Жамбыл
облысына барды. Олар өңір теміржолшыларымен, орман
шаруашылығы ұжымымен, сондай-ақ аудан ардагерлерімен кездесті. Жиында жаңа
Конституция жобасы талқыланып, тұрғындардың сауалдарына жауап берілді. Жаңа
Конституция жобасы саяси жүйе архитектурасын қоғам сұранысына сай түбегейлі
жаңғыртады. Жиын қатысушыларының пікірінше, бұл биліктің барлық тармақтарының теңгерімді
жұмысын қамтамасыз етеді, сонымен қатар, ұзақ мерзімді экономикалық дамуға
берік негіз қалыптастырады. Кездесу барысында коалиция мүшелері елдегі
бейбітшілік пен тұрақтылық қазақстандық қоғам үшін әрдайым басты құндылық болып
қала беретінін, ал, азаматтармен ашық диалог – өткізіліп жатқан реформалардың
өзегі екенін айтты.
Жигули Дайрабаев, Мәжіліс депутаты, Республикалық
жалпыұлттық коалиция мүшесі:
- Ғалымдар, мынау заңгерлер, мемлекетке еңбегі
сіңген қоғам қайраткерлері, көптеген депутаттар қатысты. Сөйтіп, түбегейлі
жаңаланған Ата заңды дайындап, халыққа жобасын жариялады.

