Қазақстанда наурызда «Алтын орда» тарихи сериалының түсірілімі басталады

Қазақстанда наурызда «Алтын орда» тарихи сериалының түсірілімі басталады

Қазақстанда наурыз айында «Алтын Орда» деректі-драмалық сериалының ресми түсірілімі басталады. Отандық кино өндірісінің жаңа туындысы Жошы хан ұлысының 800 жылдығына арналмақ. Фильмге отандық актерлермен қатар Швеция, Бельгия, Англия, Германия, АҚШ, Моңғолияның сала мамандары да іріктелген. Бүгінде костюмдер, декорациялар мен реквизиттер дайын. Ондағы қауіпті трюктерді қазақстандық «Nomad Stunts» каскадерлік тобы орындайды. Олардың Netflix, Disney-дің халықаралық жобаларында үлкен тәжірибесі бар. Каскадерлерді түсірілімге дайындау үдерісімен елдің Мемлекеттік кеңесшісі танысты. Ерлан Қарин тарихи қарулармен ұрыстың жауынгерлік көріністері пысықталатын базада болды. 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?