«Астана Опера» театрында «Собор Парижской Богоматери» қайта сахналанады

Сыған қызы Эсмеральда, бүкір Квазимода, сері жігіт Феб және шіркеу қызметкері Фролло. Қазақстанның бас опера театрында «Собор Парижской Богоматери» қайта сахналанатын болады. Әйгілі балет «Астана Опера» театрында 2016 жылы жергілікті өнерсүйер қауым назарына ұсынылды.

Айта кетейік, спектакль алғаш рет осыдан тура жарты ғасыр бұрын Парижде қойылған. Тұңғыш рет атақты француз хореографы Ролан Пети қойған болатын. Елордалық театр сахнасындағы жаңа нұсқасы Петидің жолдасы әрі көмекшісі Луиджи Бониноның көзқарасымен жарыққа шықты.

ЛУИДЖИ БОНИНО, БАЛЕТМЕЙСТЕР:

 - Бұл – басқа белеттерден ерекшеленіп тұратын әдемі қойылым. Классикалық өнер туындысы. Бұған дейін балет көрмеген адамдар да түсінетін, аса жеңіл қабылданатын спектакль. Мен осы жерде қалғым келеді. Маған қатты ұнайды. Келгім кеп тұрады. Жиі осында сапар жасауды қалаймын. Шынымен де үнемі айтатыным осы.

Ролан Петидің ойын елордалық театрдың дарынды әртістері жүзеге асыра білді. Квазимода мен Эсмеральда партияларын «Астана Опера» тетрының жетекші солистері Бахтияр Адамжан мен Әйгерім Бекетаева сомдады.

Сондай-ақ қойылымның сәтті шығуына кардебалет, сахнаның әрленуі мен ауқымды декорация, музыкалық сүйемелдеуі мен костюмдердіңде қосқан үлесі бар. Осы арқылы көрермен балетке қанығып, өткен ғасырдағы тылсым Францияға сахат жасай алды. 

 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов