Түркістан қаласы ерекше
мәртебемен қатар, өзіндік дизайн-код алуы да мүмкін. Ол шығыс стилінде
әзірленбек. Ол қаланың тарихи кескінін сақтау үшін қажет. Бұл туралы сәйкес заң
жобасын Мәжіліс отырысында таныстырған Ұлттық экономика вице-министрі
мәлімдеді. Бауыржан Омарбековтың айтуынша, заң жобасына түзетулер енгізіледі.
Мысалы, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің айналасында биіктігі 7 метрден асатын
нысандардың құрылысына тыйым салады. Сонымен қатар, Түркістан археологиясының
ескерткіштерінің резерватын құрып, қалалық әкімдік пен мәслихатқа қосымша 34
жаңа құзыреттілік тапсыру да көзделіп отыр. Ол органның құзыреттілігі негізгі 3
бөліктен тұрады. Оның бірі туризмді дамытуға жағдай жасауға негізделген.
Мәжілісте айтылғандай бірден осыншама түзетулер енгізу тегіннен-тегін жасалып
жатқан жоқ. Бұған мемлекет басшысының Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру
туралы тапсырмасы себеп болып отыр.
Бауыржан Омарбеков, ҚР Ұлттық
экономика вице-министрі:
- Ілеспе заң жобасы арқылы Жер кодексіне,
«Сәулет, қала және құрылыс қызметі туралы» заңға, «Тарихи-мәдени мұра
обьектілерін қорғау және пайдалану туралы» заңға және «Туристік қызмет» туралы
заңдарға өзгерістер дайындалды. Заң жобаларын қабылдау теріс
әлеуметтік-экономикалық сипаты жоқ деп есептейміз. Заңды қабылдау Түркістан
қаласының, жалпы, Түркістан облысының дамуына өз септігін тигізеді деген
ойдамыз.