Қазақстанда Жеңіс шеруіне дайындық ширап келеді. Астанада өтетін маңызды шараға Ұлттық ұланның жеке құрамы да қызу қамданып жатыр. Қазір олар шеруге шығатын бронды техникаларын дайындауға белсене кірісті. Айта кетейік, маңызды іс-шараға Ұлттық ұланның құрамында 17 арнайы көлік пен 400-ден астам әскери қызметші сап түзеп шығады деп жоспарланған.
Арсен Шаймарданов, Бронды танк қызметінің бастығы:
– Паратқа қатысуға Ұлттық ұланның бронды техникалары сақадай сай. «Алан-2», «Барыс 6×6» техникаларының қатысуы көзделіп отыр. Әскер әлеуетін көрсететін шараға Ұлттық ұлан әрқашан дайын.
Жалпы биылғы шеруге Қарулы Күштердің өзге де құрылымдарының 4 жарым мыңға жуық маманы қатысады деп күтілуде. Алғаш рет Қазақстан аумағында құрылған әскери бөлімдер әр жылдардағы киім үлгісінде жауынгерлік туларын сән-салтанатымен алып өтеді.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

