Түркияда Құтлық Елтеріс қаған кешені мен жазба ескерткіші таныстырылды

Түркі әлемінің өткенінен сыр шерттер жәдігерлер Моңғолияның Номгон аңғарында табылған. Құтлық Елтеріс  жетінші ғасырда екінші түрік қағанатын құрған қаған.

Физули Маджидли, халықаралық түркі академиясының президенті м.а:

- Қазірге дейін түркі тарихында белгілі және Томсон тарапынан ашылған 130 жылдан бергі ең ауқымды тарихи-археологиялық жаңалық десек кем айтпаймыз. Түркі дәуірінің құнды жәдігерінде «түрік» атауы алғаш рет кездесетін ең көне жазба ескерткіші болып табылады. Бұған дейін түрік атауы Білге қаған мен Күлтегін жазбаларында кездесетін еді.

Рамазан Коркмаз, Кавказ университеттері қауымдастығының президенті:

- Бурсаға арнайы тарихи жәдігеріміз жайлы білу үшін келдім. Бұл бәріміздің ортақ жетістігіміз. Бастаманы көтерген ғалым әрі түркі дүниесіне еңбегі мінген Дархан Қыдырәлі мен Түркі академиясына алғысымды айтамын. Енді бізге түскен басты міндет, мұны жедел түрде тарих және түркология оқулықтарына енгізу.

Еске салайық, зерттеу жұмыстары Моңғол жерінде 2016 жылдан бері жалғасып келе жатыр. Алдағы уақытта Құтлық қаған кешенін ашық аспан мұражайына айналдырып, арнайы статус беру көзделіп отыр.