Үкімет мұны болашақта жоюға мүмкіндік беретін шараларды қарастырды. Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен арнайы комиссия отырысында жолаушылардың әуе тасымалы нарығында монополияға қарсы жаңа шараларды іске асыру жөніндегі ұсыныстар қаралды. Сонымен қатар мұнай өнімдерін өндіру саласындағы демонополизациялау мәселесіне де тоқталды. Атап айтқанда, мұнай өңдеу зауыттарының бірінде техникалық сервистің негізгі функцияларын аутсорсингтен кәсіпорынның өзіне қайтару мәселелері талқыланды. Бұл аталған қызметтерді орындауға араласатын артық делдалдарды алып тастауға мүмкіндік береді. Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр уәкілетті органдарға бекітілген шешімдерді іске асыру үшін қажетті шаралардың барлығын қабылдауды тапсырды.