Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері өзара сауда көлемін 1 млрд долларға дейін жеткізуге ниетті. Бұл таяу келешекте қос ел Үкіметтері алдында тұрған міндет. Бұл жөнінде Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикимен кездесуде айтты. Сонымен қатар Президент стратегиялық инвестициялық жобалар туралы бірлескен мәлімдемеге сәйкес энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтудың маңыздылығына назар аударды. Мемлекет басшысы жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын, көлік-логистикасы мен әуе тасымалы қызметтерін кеңейтуді көздейтін инвестициялық жобалардың жүзеге асырыла бастағанын атап өтті.