Қазақстанда энергетика
саласын дамытуға 6,3 трлн теңге инвестиция бағытталады. Осының есесінен
елімізде жұмыс істеп тұрған 14 электр стансасы жаңғыртылып, 15 жаңа жоба іске
қосылады. Олардың жалпы қуаттылығы шамамен 7,3 ГВт құрамақ. Бұл жөнінде
Энергетика министрлігі мәлімдеді. Салалық ведомвства генерация бойынша қолға
алынған жобалар бюджет қаражаты есебінен субсидиялар тартпай-ақ электр қуаты
нарығының қолданыстағы тетіктері шеңберінде жүзеге асырылатынын алға тартып
отыр.
Асылжан Мусин, ҚР
Энергетика министрлігінің электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры:
- 2029-шы жылға
қарай 29 жаңа жобаны енгізу жоспарлануда, бұл электр станцияларының орташа
тозуын 17%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған жобаларды
іске асыру белгіленген электр қуатын ұлғайтуға және ел экономикасы мен халқын
сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

