Қазақстанда металлургия мен мұнай химиясы салаларында ірі жобалар жүзеге асады

Қазақстанда металлургия мен мұнай химиясы салаларында ірі жобалар жүзеге асады

Қазақстанда металлургия және мұнай химиясы саласында 5 ірі бастама іске асырылып жатыр. Инвестиция көлемі 19 жарым млрд долларды құрайды. Үкіметте аталған салалардың әлеуеті талқыланды. Павлодар өңірінде гидрометаллургиялық комбинат құрылысы басталды. Бұл кәсіпорын құрамында 300 мың тоннаға дейін алтыны бар концентрат және Доре қорытпасы түрінде 15 тонна алтын өндіреді деп жоспарланған. Атырау облысында үш мұнай химиясы зауыты салынады. Өндіріс ошақтары бутадиен,  полиэтилентерефталат және полиэтилен өнімдерін шығарады. Сондай-ақ, аймақта газ бөлу кешенінің құрылысы жоспарлануда. Ол этан мен пропан шығаратын болады. Сонымен қатар, Шымкент мұнай өңдеу зауытын кеңейту жоспарлануда. Бұл мұнай өңдеу көлемін жылына 6-дан 12 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Үкімет басшысы жергілікті жерлерде жобалардың іске асырылуын бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?