Дүниежүзілік банк мәліметінше ТХКБ жүк тасымалы 2030 жылы үш есе артуы мүмкін

Дүниежүзілік банк мәліметінше ТХКБ жүк тасымалы 2030 жылы үш есе артуы мүмкін

Транскаспий халықаралық көлік бағыты немесе Орта дәліз бойынша жүк тасымалының көлемі 2030 жылға қарай 3 есе артып, 11 млн тоннаға жетуі мүмкін. Бұл көрсеткіштің басым бөлігі Қазақстанның үлесінде болмақ. Алайда, аталған көрсеткішке жету үшін және тауарды жеткізу уақытын 2 есе қысқарту мақсатында әлі де бірқатар шаралар қолға алу керек. Дүниежүзілік банк сарапшылары Астанада дәліздің трансформациясы бойынша өз ұсыныстарын таныстырды. Олардың пікірінше, осы шараларды қолға алған жағдайда Қазақстан, Әзербайжан мен Грузия осы бағытты әлемдегі ең қауіпсіз әрі маңызды көлік дәлізіне айналдыра алады. Бұл үшін қызмет көрсету стандарттарын жақсартып, кедендік тексеріс тәртібін ықшамдап, көлік тарифтерінің ашықтығын қамтамасыз ете отыра, Каспий бойынша және теміржол тасымалындағы құжаттарды толыққанды электронды форматқа алмастыру қажет. Сонымен қатар  инфрақұрылымды да ұмытпаған жөн.

Виктор Арагонес, Дүниежүзілік банктың көлік тасымалы бойынша аға экономисті:
-
Өзіміздің жүргізген зерттеуімізде сауда-саттық, көлік тасымалының моделін жасадықәрі қазіргі шектеулерді зерделедік. Қазіргі басты кедергі – теміржол көлігіне байланысты. 3 елге вагондар мен локомотивтердің санын арттыру қажет. Сонымен қатар Ақтаудан Бакуге теңіз арқылы жүк тасымалдау үшін кемелер паркінің санын арттырған жөн. Сондай-ақ темір жолдан жүктерді порттарға өткізу үшін қосымша қондырғылар аса қажет. Темір жолдан артылған жүкті тас жолға да арта білу керек.