Сенат Биржалық сауда және инвестиция жөніндегі заңды мақұлдады

Сенат Биржалық сауда және инвестиция жөніндегі заңды мақұлдады

Қазақстанда тауар биржаларының брокерлері мен клирингтік орталықтарын лицензиялау енгізіледі. Яғни, енді тауар биржалары шағын және микробизнес субъектілері қатарынан алынып тасталады. Сенат тиісті заңды мақұлдады. Құжат ережелері биржа саудасы саласындағы заңнаманы жетілдіруге және инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған. Сондай-ақ, Үкіметтің, уәкілетті және монополияға қарсы органдардың құзыреттерін кеңейту көзделген. Биржалық саудаға қатысушылардың қызметіне мемлекеттік бақылау күшейеді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

- Инвесторлардың заңды мүдделерін қамтамсыз ету шаралары да назардан тыс қалмады. Атап айтқанда, ел аумағындағы инвестициялық қызмет туралы деректерді пайдалану үшін арнайы инвесторлар тізілімі жүргізіледі. Бұл ретте, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты тексеру жүргізу туралы шешімдері прокурормен міндетті түрде келісілгеннен кейін ғана қабылданады.

Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?