Қазақстан мен ОА елдері Қытаймен авиациялық ынтымақтастықты кеңейтеді

Қазақстан мен ОА елдері Қытаймен авиациялық ынтымақтастықты кеңейтеді

Орталық Азия елдері мен ҚХР әуе бағыты желісін кеңейтіп, өңірдің астаналары мен ірі қалалары арасында жаңа әуе рейстерін ашуға келісті. Сондай-ақ, мемлекеттер ұшу жиілігін арттыруды жоспарлап отыр. Астанада өткен «Орталық Азия - Қытай» азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының екінші конференциясы барысында тараптар бірқатар келісімдерге қол қойды. Қатысушылар арасында - авиациялық билік басшылары, авиакомпаниялар, әуежайлар мен аэронавигациялық қызметтің өкілдері бар.


Салтанат Томпиева, ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы:


- Біз Қазақстанда толығымен жүк тасымалын дамытқымыз келеді, біздің өңірде ірі аэрохабтар орнату жоспарда бар және дәл осы конференция біздің Орталық Азиядағы позициямызды күшейтеді және нығайтады деп ойлаймын, және біз үлкен жаһандық авиациялық картада өз орнымызды аламыз.


Бүгінде аптасына 150-ден астам рейс Аспан асты елі мен Орталық Азия республикаларының астаналарын байланыстырады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп. Тараптар авиатасымалдарды одан әрі кеңейтуге, кедендік рәсімдерді жеңілдетуге және тәжірибе алмасуға ниетті.


Қанат Толоғанов, Қырғыз Республикасы Министрiнiң кабинетi жанындағы Азаматтық авиация мемлекеттiк агенттiгi директорының орынбасары:

– Қытайлық әріптестермен біздің елдеріміз арасында әуе тасымалы жиілігін арттыру туралы меморандумға қол қойылады, себебі қазір Пекин, Сиань, Чанду және Үрімші қалаларына рейстер орындалуда. Жиіліктерді арттыру туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін бұл көрсеткіш анағұрлым арта түседі деп үміттенеміз. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?