«Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанның
Халықтық Конституциясы үшін!» атты жалпыұлттық коалициясының сайты іске қосылды. Сайт алдағы референдумға және Жаңа Ата
заң жобасына арналған. Мұнда қазақстандықтарға ұсынылып отырған өзгерістердің
мазмұнымен танысуға мүмкіндік беретін түсінікті әрі қолжетімді ақпараттар бар.
Басты бетте негізгі заң жобасының толық мәтіні тұр.
Сонымен қатар, өзекті материалдар, сарапшылардың пікірлері және Коалицияның
өңірлердегі жұмысына қатысты жаңалықтар тұрақты түрде жарияланып отырады.
Платформаның құрылымы пайдаланушыларға ондағы мәліметтерді оңай бағдарлап,
алдағы дауыс беруге қатысты сұрақтарына жауап табуға ыңғайлы етіп жасалған.
Ақпаратты қабылдаудың қолайлылығына айрықша көңіл бөлініп, бет параметрлерін өз
қалауынша өзгерту мүмкіндігі қарастырылған.

