15-26 сәуір аралығында
қазақстандық мектептерде оқушылардың білім жетістіктерінің мониторингі
жүргізіледі. Оған 2 жарым мыңға
жуық білім беру мекемесінде 4-ші және
9-сыныптарында оқитын 150 мыңға жуық оқушы қатысады деп хабарлайды Оқу-ағарту
министрлігі. Мониторинг сауаттылықтың үш бағыты, яғни оқу сауаттылығы, математика және
жаратылыстану бойынша
жүргізіледі. Оқушылар
тестілеуді электронды форматта тапсырады. Айта кетейік, Білім беру жетістіктерінің
мониторингі оқушылардың
білім сапасын зерделеуге бағытталған қазақстандық ұлттық зерттеу құралы. Ол оқу бағдарламаларының тиімділігін
бағалауға, сондай-ақ, оқу процесінің осал тұстарын анықтауға мүмкіндік береді.
Биыл тест тапсырмалары PISA, PIRLS, TIMSS халықаралық бағалау үлгілерін ескере
отырып жаңартылды. Сарапшылардың
айтуынша, мониторинг қорытындысында білім беру сапасын арттыру үшін әр аймақ
пен нақты білім беру ұйымы бойынша кешенді талдау және әдістемелік ұсынымдар
әзірленеді. Айта кетейік,
қазір қазақстандық жүйе халықаралық аккредиттеуден өтуде.