Қазақстан
Ауғанстан арқылы өтетін темір жол құрылысына қатысуға шақырту алды. Бұл «Тургунди - Герат - Қандагар - Спин-Булдак»
магистралі дәлізінің тартымдылығын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді. Бұл
туралы Түрікменстан Министрлер кабинеті жанындағы Көлік және коммуникация
агенттігінің басшысы Мамметхан Чакыев Ақтаудағы бірінші көлік сауда-экспорттық
форумы аясында айтты. Қазақстан,
Ауғанстан мен Түрікменстанның өкілдері қатысқан келіссөз барысында теміржол магистралін салу жөніндегі жаңа жобаны
іске асыру мүмкіндіктері талқыланды. Тараптар Тургундиде логистикалық орталық құруды жоспарлауда. Құрылыс
жақын
арада басталады. Сондай-ақ,
астықты, контейнерлерді және басқа да жүктерді ауыстырып тиеу үшін нысандар
салу жоспарда бар. Жоба іске қосылғаннан кейін логистикалық орталық Тургунди
тарапынан жүк айналымының артуына серпін береді. Ауған тарапының өкілдері Қазақстан мен
Түрікменстан арқылы Пәкістанға жүктердің транзитін қамтамасыз етуге дайын
екендіктерін білдірді. Бұдан
бөлек
Қазақстан мен Түрікменстан аумақтары арқылы қытай тауарларын импорттауға
қызығушылық танытты. Сонымен қатар,
Қазақстан вице-премьері Иран делегациясымен кездесу өткізіп, онда көлік және
логистика инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бірлескен ниеттерді іске асыру барысы
талқыланды.