Қазақстандық суретші картоннан портрет жасайды

Қазақстандық суретші қатты қағаз қиындыларынан ерекше өнер туындыларын жасайды. Қазір Рауаж Жарылқасынов кәдімгі картон бөліктерін кәдеге жаратып портреттер әзірлеуді әдетке айналдырған. Негізінен әйгілі тұлғалардың келбетін бейнелейді. Ең қызығы, бұл еңбегінің жемісін оларға сәуле түсіру арқылы ғана тамашалай аласыз. Шебер бірегей жұмыстарын әлеуметтік желілерде жариялап, көптің ықыласына бөленіп жүр.

-Көп адамдар осы картоннан жасаған дүниелеріме қатты қызығуда. Көбі мына туындыма таңғалып жатыр.

Рауаж мүсін жасау ісінің де қыр-сырын үйреніп алған. Жастайынан бейнелеу өнерінің түрлі тәсілін меңгерген суретші қылқалам және майлы бояу көмегімен де көптің көзайымына айналған картиналар салады.

Рауаж Жарылқасынов, суретші:

-7-8 жасымнан бері сурет саламын. Ол кезде телефон, интернет, тик-ток, инстаграмм дегендер болмады. Тек қана телевизор болды.  Теледидардан әр түрлі мультфильмдер, кинолар қарап отырып, солардан идея, шабыт алып, кейін қайталап кішкентай параққа қаламмен салып көрген болатынмын.

Бүгінде оның әлеуметтік желідегі парақшаларында 1 млн астам оқырманы бар. Рауаждың ендігі мақсаты өзінің жеке көрмесін өткізу.