Қазақстанда мал экспорты артты

Қазақстанда мал экспорты артты

Биыл бірінші тоқсанда Қазақстаннан шетелдерге 249 мың бас мал шығарылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төрт есе көп. Жылқы экспорты бірден 12 есе өсіп, 6 жарым мыңға жуықтады. Бұл бағытта ірі қара саудасы 2 жарым есе артқан. Мал негізінен Өзбекстан, Тәжікстан және Әзербайжан нарығына жөнелтіліп жатыр. Отандық жеткізушілер шетелге 8 жарым мың бас қой сатқан. Бұдан бөлек, Қазақстаннан 190 мың үй құсы мен балапан экспортталды. Бұл өткен жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 4,7 есе көп. Дегенмен елге әкелінген мал мен құс саны да 23%-ға артып, 2 жарым млн-ға жеткен. Олар негізінен Ресей мен Әзербайжаннан тасымалданады. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?