Қазақстанда былтыр электронды сауда көлемі 93% артты

Қазақстанда шағын және орта бизнеске арналған электрондық сауда мектебі ашылады. «SmartDuken» онлайн тұғырнамасы отандық кәсіпкерлердің жеке ісінің іргесін кеңейтуге және жаңадан бизнес ашуына септесуге бағытталмақ.

Кәсіпкерлікті тиімді жүргізуге арналған білім беру курстары мен вебинарлар және серіктестерді тегін ұсыну сынды қолдау шараларын қамтиды. Мақсат – бизнесті қашықтықтан жасауға машықтау. Бұл жөнінде «Astana Finance Days» халықаралық конференциясы аясында өткен электронды саудаға арналған онлайн сессия барысында мәлім болды. Қатысушылардың айтуынша елдегі электронды коммерцияның әлеуеті зор. Мәселен, былтырғы жылдың алғашқы он айында 2019 жылдың дәл сол мерзімімен салыстырғанда электронды сауда көлемі 93% артып 382 млрд теңгеге жеткен. Ал орташа түбіртек 63% өсіп, транзакция көлемі 18% ұлғайған.