Алматы жеке инвестициялар көлемі жөнінен өңірлер арасында көш бастап тұр

Биылғы тоғыз айда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 22,1 пайызға артқан. Бұл туралы қала әкімі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында айтты.

Ерболат Досаевтың айтуынша, шаһарда іскерлік белсенділік артып келеді. Есепті кезеңде жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 37,2 пайызға көбейген. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасының жүзеге асырылуы және 2040 жылға дейінгі жаңа Бас жоспарын әзірлеу барысы туралы баяндалды. Кездесу соңында Президент қаланың экономикасын одан әрі әртараптандыру және инфрақұрылымын жаңғырту жөнінде тапсырма берді.